15 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №401

284 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2014 жылғы 17 қыркүйек,  Астана қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 шілдедегі өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 8-тармағына сәйкес, бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр бұйрықтарына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) «Сапаға сыртқы бақылау жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8034 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қарашада № 408-409 (27227-27228) «Казахстанская правда», 2012 жылғы 24 қарашада № 771-775 (27847) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сапаға сыртқы бақылау жүргiзу тәртiбін әзiрлеу қағидаларында: 8-тармақтын 6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының сақталуын, сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін;»; 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аппаратының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен Комитеттердің аумақтық органдарының басшылары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9336 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған): көрсетілген бұйрықтын 2-қосымшасында: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен Комитеттердің аумақтық органдарының басшылары «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарға: 6-тарауда. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары С-1 санаты, 2 бірлік, № ҚМК- 02, № ҚМК-03» деген: жол: « Кәсіби біліктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. » мынадай редакция жазылсын: « Кәсіби біліктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. »; жол: « Функционалдық міндеттері Комитеттің жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мақсатында қаржы мониторингі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттер. » мынадай редакция жазылсын: « Функционалдық міндеттері Комитеттің жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл мақсатында қаржы мониторингі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттер. »; 11-тарауда. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаментінің басшысы С-О-1 санаты, 1 бірлік» деген: жол: « Кәсіби біліктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. » мынадай редакция жазылсын: « Кәсіби біліктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. »; жол: « Функционалдық міндеттері Департамент пен оның басқармалары қызметіне жалпы басшылық, департаменті мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда ұсыну, қылмыстық жолмен алынған табыстарды (жылыстыруға) заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекет саласында саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру, қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды, ақпаратты жинау, алғашқы өңдеу және департамент құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. » мынадай редакция жазылсын: « Функционалдық міндеттері Департамент пен оның басқармалары қызметіне жалпы басшылық, департаменті мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда ұсыну, қылмыстық жолмен алынған табыстарды (жылыстыруға) заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-әрекет саласында саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру, қаржы мониторингі субъектілерін есепке алуды, ақпаратты жинау, алғашқы өңдеу және департамент құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. ». 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны интернет-ресурсында орналастыруды және бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 23 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9819 болып енгізілді.